Полиция тиісті құжаттарды жинақтап, мән-жайды анықтауға кірісті
Атырау облысында ірі жол апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Атырау-Орал» республикалық маңызы бар тас жолында қос көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, бір-бірімен қатты соқтығысқан. Екі машинаның да сау-тамтығы қалмай жанып кеткен. Салдарынан Газель ішіндегі 60 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Қазір полиция тиісті құжаттарды жинақтап, мән-жайды анықтауға кірісті.
«2004 жылы туылған азамат басқарған «Мерседес» маркалы көлік қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1979 жылғы туылған азаматтың басқаруындағы газельмен соқтығысқан. Аталған дерек бойынша тиісті іс құжаттар жинақталуда. Оқиғаның мән-жайы анықталмақ», – деді облыстық ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.
Оқи отырыңыз: Елде банктік шоттарды ашу тәртібіне өзгерді