Атырауда жоғалып кеткен отбасының құрылғылары ел аумағынан қосылып, өшкені анықталды

«Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Айдың күні аманда Атырауда тұтас бір отбасының бірнеше адамы ізім-ғайым жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылы тұрғындарының жоқ болып кеткеніне бір айдан асқан. Ал үйдің үлкен ұлынан тіпті қазан айынан бері хат-хабар жоқ. Қазір полиция жұмбақ жағдайда ғайып болған 6 адамды іздеуді жалғастырып жатыр. «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Алайда облыстық полиция өкілдері «бұл  – азаматтар өлі дегенді білдірмейді. «Адам өлтіру» бабы тек тергеу мүмкіндігін кеңейту мақсатында қозғалған» деп мәлімдеді. Ал жоғалған азаматтар ешқандай байланыс, тіпті қоғамдық көлік, такси қызметіне де жүгінбеген.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Республика көлемінде бағыт-бағдар берілді. Жүрген жерлерін анықтау мақсатында тек облыс емес, республиканың түкпір-түкпірінде іздеу шаралары басталды. Емделу орындары басқа да жеке де бәрі тексерілуде. Азаматтардың құрылғылары Қазақстан аумағынан қосылып өшкені анықталды. Сонымен қатар тағы екі адамға іздеу салдық», – деді Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында ірі жол апатынан бір адам мерт болды

Новости партнеров