Атырауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам тірідей өртеніп кетті

Almaty.tv
Almaty.tv

Қайтыс болған жүргізуші оқиғадан бір сағат бұрын жолда ескерту алған 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жолаушылар отырған жеңіл көлік жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жантүршігерлік жол апаты 26 қазанда Атырау-Орал тасжолында болған.

Таңғы 4:00 шамасында облыстық полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушісіне хаттама толтырған және түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керек екенін ескерткен.

«Алайда ескертулерге қарамастан таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, көлік толықтай отқа оранды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстаннан 2 млрд теңгенің киік мүйізін әкетпек болғандар ұсталды

Новости партнеров