Атырауда 9 жастағы баланы ұрып-соққан ер адам ұсталды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда тапа-тал түсте 9 жастағы баланы ұрып-соққан ер адам ұсталды. Ол қаланың 21 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жігіт кінәсін толық мойындаған. Бірақ неліктен бұндай әрекетке барғаны сол күйі белгісіз. Бір анығы, азамат ешқандай психикалық есепте жоқ. 

Естеріңізге салсақ, Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында еңгезердей еркек 4-сынып оқушысын сабап, басына зақым келтірген. Абырой болғанда, ұл бала жеңіл жарақат алыпты. Дәрігерлер оқушының қатты шошынып қалғанын айтады. Бірақ, ем-дом шараларынан соң бала үйге жіберілген.

«Атырау қаласындағы аулалардың бірінде 9 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жәбірленуші бала жеңіл дене жарақатын алып, оған психологиялық көмек көрсетілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», - деді №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы Аман Измағанбетов.

Оқи отырыңыз: Атырауда 9 жастағы баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Новости партнеров