Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің денесі табылды
ТЖМ
1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 шаршы метр алаңда өрт болды.
"ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30