Атырауда NCOC менеджерін айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Арман Жетпісов өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты NCOC мұнай компаниясының 46 жастағы менеджері Бибігүл Шпанованың өліміне қатысты істің үкімін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс жағдайы

Тергеу деректеріне сәйкес, 38 жастағы Атырау тұрғыны Арман Жетпісов бұған дейін сотталған, тұрақты жұмысы болмаған. Ол өзін жөндеу шебері ретінде көрсетіп, қаза тапқан әйел тұрған «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде ұсақ жұмыстар атқарған. 

Әйел Жетпісовтен орындалмаған жөндеу жұмыстары үшін ақшасын қайтаруды талап еткен. Бұдан кейін ол әйелдің үйіне барып, бірнеше рет пышақ жарақатын салған, зорлаған, заттарын, телефонын, кілті мен көлігін ұрлап кеткен. Артынша көлік апатына түсіп, Маңғыстау облысында ұсталды. Оның жанынан Шпановаға тиесілі заттар табылды.

Сот процесі

Жетпісовтің әрекеті алаяқтық, зорлау, ұрлық, автокөлікті заңсыз айдап кету және адамды аса қатыгездікпен өлтіру қылмыстары ретінде сараланды.

Қылмыс сипатына байланысты сот отырысы жабық өтті. Үкімді судья Зарема Хамидуллина жариялады. Оның ауыр істерді қарауда бірбеткей екені белгілі.

Сот барысында Жетпісовтің кінәсі дәлелдер жиынтығымен расталды. Соның ішінде бейнебақылау камераларындағы жазбалар да болды: қылмыс жасалған сәтте Шпанованың үйіне кірген тек сол екені анықталды. Айыпталушы кісі өлтіргенін мойындады.

Үкім

Арман Жетпісов өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын аса қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Марқұмның туыстары сот залында көз жасын тыя алмады. Судья үкімді жариялап, Жетпісовке өмір бойына түрме жазасы берілген сәтте олар қол шапалақтап, әділ үкім шыққанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Ішінде балықшылардың денесі болған: Павлодар облысында өзенге батқан көлік шығарылды

Новости партнеров