Алматы қалалық Полиция департаменті келіншекке қатысты тергеп-тексеру шараларын бастады
Әлеуметтік желіде «аутист балаларды интернатқа жабу немесе өлтіру керек» деп пікір жазған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, «Autism Kazakhstan» ұлттық қауымдастығы құзырлы органга шағымданып, блогердің атына арыз жазған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерекше баласы бар ата-аналардың сөзінше, мұндай пікірлер қоғамда резонанс тудырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығына нұқсан келтіреді. Бүгінде Алматы қалалық Полиция департаменті келіншекке қатысты тергеп-тексеру шараларын бастады.
«Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар естеріңізге сала кетейік, қандай да бір әлеуметтік араздықты, зорлықты, зомбылықты, қатігездікті насихаттайтын материалдардың әлеуметтік желілерге салынуына біз тосқауыл қоямыз. Ол заңға қайшы іс әрекет боп табылады. Ол үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: ІІМ заң мен тәртіп турасында: қылмыс саны азайды