Батыс өңірде экстремистік топтың әрекеті әшкереленді
Атырауда терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды
Атырауда экстремистік топ құрып, терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар еліміздің батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертпек болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұсталғандар экстремистік топ құрып, оған басшылық етті, терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілініп отыр. Тергеу мәліметінше, фигуранттардың тұрғылықты жерлерінен атыс қаруы, есірткі, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Сондай-ақ олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.
Айта кетейік, топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған
Оқи отырыңыз: Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды