Бейжің билігі ең жоғары дабыл деңгейін жариялады

Almaty.tv
Almaty.tv

Синоптиктердің болжауынша, нөсер жауын келесі таңға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бейжің билігі 4 тамызда түстен кейін қатты жаңбыр қаупіне байланысты ең жоғары деңгейлі ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Сағат 13:00-де қаланың метеорологиялық қызметі Қытайдағы төрт деңгейлі ескерту жүйесіндегі ең жоғары қызыл дабылды жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, нөсер жауын келесі таңға дейін жалғасады. Ұала аймағындағы аудандарда 6 сағатта жауатын жауын-шашын мөлшері 100 мм, кей жерлерде тіпті 200 мм-ден асуы мүмкін. 

Бейжің су ресурстары басқармасы мен метеорологиялық қызмет Миюнь, Фангшан, Ментугоу және Хуайруда тау ағындарының қаупі туралы ескерту жасады. 

Қазіргі уақытта сел, көшкін және басқа да табиғи қауіптердің жоғары ықтималдығы сақталатын Шицзиншан, Фэнтай, Хуайроу, Фаншань және Ментугоу аудандарында қызыл ескерту деңгейі күшіне енді. 

Өткен аптада Бейжіңде толассыз жауған жаңбырдан 44 адам қаза тауып, 300 мыңнан астам тұрғын зардап шекті, 24 мыңға жуық үй зардап шекті.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында игерілмеген 16 жер учаскесі қайтарылды

 

Новости партнеров