Заңбұзушылық тіркелген жоқ: Қазақстанда референдум қалай өтіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

ІІМ және Бас прокуратура өкілдері учаскелердегі жағдай туралы баяндады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дауыс беру басталғалы таңғы сағат 9.00-дегі ақпарат бойынша әзірге ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде референдум учаскелеріндегі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Дауыс беру кезінде мұндай деректер анықталса, соттар мен прокуратура оларды дереу қарайды.  

«Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелерінде алдын ала комиссиялық тексерулер өткізілді. Олардың техникалық талаптарға сәйкестігі, өртке қарсы қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғалуы қаралды. Бұл нысандардың барплығы тәулік бойы күзетке алынды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

«Бүгін дауыс беру күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатыны тағы бір назар аударғым келеді. Сондай-ақ сауал салу нәтижелері мен масс медиа мен онлайн платформаларында жариялауға жол берілмейді. Мұндай сауал салуды учаскелік комиссиялар дауыс беру үй-жайларында да жүргізуге тыйым алынды», - деді ҚР Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов.

Оқи отырыңыз: Шетелдегі азаматтар жоғары белсенділікпен дауыс беріп жатыр – СІМ

Новости партнеров