Бірыңғай медициналық қызметтер пакетінен сал ауруы мен кейбір басқа да диагноздар алынып тасталады. Мұндай өзгеріс жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілмек. Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды алаңдамауға шақырды.
Ведомствоның мәліметінше, тек қаржыландыру тәртібі өзгереді. Ал пациенттер бұрынғыдай тегін медициналық көмекті де, дәрі-дәрмекті де толық ала береді. Енді жаңа пакет қандай нақты өзгерістерді қамтиды? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әсел Қыдырәлиева жауап береді.
– Әсел ханым, 2026 жылдан бастап Бірыңғай медициналық пакетке өтуде қандай қызметтер немесе ауру түрлері тегін тізімнен шығуы мүмкін? Қандай өзгерістер енгізілді?
«Кешелі бері әлеуметтік желілерде қызу талқылауға ұшырап жатқан мәселелер бойынша ресми түсіндірме жүргізуге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі таңда Біріңғай медициналық көмектің пакетін қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан заң аясында әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінің қатарына инсульттан кейінгі 1 жыл кезіндегі жағдай және эпилепсия секілді диагноздар қосылғанымен қант диабеті және балалар сал ауруы деген секілді аурулар тізбектен шығарылып отыр. Бұл ретте пациенттерге және сондай аурулармен ауратын науқастарға айтқымыз келетіндігі әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінен шығарылғанымен, олар созылмалы динамикалық бақылауға жататын аурулар тізбесінен шығарылған жоқ. Сондықтан толыққанды медициналық көмектің толық көлемін алуға құқығы бар және алдағы уақытта толығымен болады. Бұл мемлекет тарапынан МӘМС жүйесі шеңберінен қалыптастырылады. Бұл ретте енгізілген өзгерістер қаржыландыру көзінің ауысуымен тікелей байланысты. Сондықтанда тегін медициналық көмек алуға және дәрілік қамтамасыз етуге сіздердің кепілдік толыққанды сақталатынын ресми хабарлаймыз».
– Әлеуметтік осал топтарды сақтандыру тетігі қалай іске асады? Бұл санатқа кімдер нақты кіреді және азамат өз санатын қалай тексере алады?
«Әлеуметтік осал тобындағы санаттар мемлекет тарапынан 15 льготтық санаттарға мемлекет тарапынан жарналар аударылады. Яғни мемлекет тарапынан сақтандырылады. Бұл сақтандыру тобына 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аналар, ресми жұмыссыздар, студенттер, мүгедектер, 1-2 топтағы мүгедектер, алтын алқа, күміс алқа иегерлері деген секілді осал топтар кіреді, біріншіден. Екіншіден, одан бөлек төмен табысты азаматтарға арналған жергілікті атқарушы органдардың тарапынан сақтандырылатын жарналар аудару көзделген. Бұл Д, Е әлеуметтік категориялардағы азаматтарға қарастырылған. Одан бөлек әрбір тұрғын өзінің сақтандыру санатын «Сақтандыру» мобильдік қосымшасы, телеграм боттары арқылы, емханадан немесе 1406 біріңғай кол орталықтары арқылы білуге құқығы бар»
Оқи отырыңыз: Қыс-2025: Алматыда құтқарушылардың дайындығы пысықталды