Биыл ауылдардағы 60-ға жуық медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Almaty.tv
Almaty.tv

Түлегінің 34 пайызы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарының 10,5 мың түлегінің 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар ағынының негізгі факторларының бірі жас дәрігерлер мен аса тапшы бағыттар бойынша мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларының кешенін енгізу болды. Бағдарламалар тұрғын үй, қаржылық, білім беру және әлеуметтік қолдауды көздейді.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша тапшылық:

  • дәрігер 20%-ға,
  • орта медициналық персонал 7%-ға,
  • ауылдық жерлердегі дәрігерлер 16%-ға азайды.

Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен медицина қызметкерлеріне:

  • көтерме жәрдемақылар;
  • ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері;
  • жалақыға қосымша төлемдер;
  • әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары ұсынылды.

Биыл 10 айында ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу үшін келген 298 дәрігер (2024 жылы – 254 маман) кемінде 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде төлем алды, 596 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда ортопедиядағы ең озық технологиялардың бірі таныстырылды

Новости партнеров