Гранттар конкурсына қатысу үшін талапкерлерден барлығы 127 041 өтініш қабылданды
Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бакалавриат деңгейіне 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Гранттар конкурсына қатысу үшін талапкерлерден барлығы 127 041 өтініш қабылданды. 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары конкурсының қорытындысы жарияланып, білім беру гранттарының иегерлері анықталды.
Биыл өңірлік теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бастамалар да жалғасын тапты. Атап айтқанда, «Серпін» бағдарламасы аясында 2 180 білім беру гранты, сондай-ақ еліміздің батыс өңірлерінің жастарына 2 500 грант бөлінді. Сонымен қатар Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына талапкерлер қабылдау үшін 3 190 мемлекеттік білім беру гранты қарастырылды.
Білім беру гранттары ел экономикасының кадрларға деген болжамды сұранысын ескере отырып бөлінді.
Ең көп грант экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлайтын мынадай бағыттарға берілді:
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік білім беру грантының иегерлері анықталды