BOOK VIBE: Алматыда кітап көрмесі өтті

Аталған іс-шара шілде мен тамыз айларында да жалғасын таппақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жастар арасында оқу мәдениетін насихаттау мақсатында алғаш рет «BOOK VIBE» атты кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара барысында авторлармен кездесулер, әдеби пікірталастар мен жаңа басылымдардың тұсаукесері ұйымдастырылды. Көрмеге танымал баспалар, сондай-ақ «Кітапқұмарлар» клубының белсенділері мен жас оқырмандар қатысты. Аталған іс-шара шілде мен тамыз айларында да жалғасын таппақ.

«Мақсаты – баспаларды қолдау, жаңа авторларды қолдау. Бұл іс-шарада кітап көрмесімен қатар, авторлармен кездесу болады. Жан-жағынан кітап көрген жастар алдағы уақытта кітапқа оқуға қызығушылығы артта түседі деп ойлаймын», – деді жоба үйлестірушісі Талғат Меңдібай.

Оқи отырыңыз: Бар мен жоқ: қазақ журналистикасы тағы бір тың туындымен толықты

Новости партнеров