Димаштың әлемдік туры: алғашқы тарау тұжырымдамасы таныстырылды

dimashnews.com
dimashnews.com

Жоба авторларының пікірінше, шеңбер пішініндегі композиция адамның өз ішіне үңілуін, ішкі әлеміне бағытталған қозғалысты бейнелейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемге әйгілі ақзақстандық әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының алғашқы тарауының концепциясын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Dimashnews.com-ға сілтеме жасап. 

Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына сыйғызғандай. Оның дәл ортасында — алқызыл кеңістіктің жалғыз өзегі іспетті өзі тұр. Оны өзінің сан қилы бейнелері қоршаған, алайда олардың бірде-бірі екіншісіне ұқсамайды. Әрбір тұлға өмірінің жеке бір тарауын, ешқандай шарттылықпен шектелмеген жан дүниесінің өзіндік бір қырын сақтайды.

Әр бейне орталықтағы өзінің шынайы «меніне» көз тігеді. Өз-өзімен үнсіз, бірақ терең диалог іспетті: қайта пайымдау, өзін тану және ішкі үйлесімге келу үдерісі. Шеңберлі композиция бар назарды ішке қарай бағыттап, тұйықталған көркемдік айналым қалыптастырады. Мұнда әрбір өлшем, түптеп келгенде, өз бастауына қайта оралады. Өткеніне, өзінің сан алуан бейнелері мен тұлғасының жасырын қырларына көзбе-көз келген ол бұл естелікті қабылдауға, сондай-ақ тұлғалық қалыптасу жолында жүріп өткен әрбір белесті мойындап, бекемделеді.

Бұл — DIMENSIONS. Уақыт пен кеңістікті шарлау туралы фантазия емес. Бұл — адамның өз болмысының тұтастығымен бетпе-бет келетін ішкі сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда теміржол транзитін автоматтандыру жобасы кеңейтілді