Елімізде 3 мыңнан аса ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 3 мыңнан аса ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Жоба іске асса, ғаламтор мектептерде, ауруханаларда, әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік мекемелерде қолжетімді болады. Ведомство мәліметінше, интернеттің 88 пайызы талшықты-оптикалық желі арқылы, ал қалған 12 пайызы жерсеріктік байланыс арқылы жеткізіледі. Жоба жайлы толығырақ «Алматы» телеарнасының мстудия қонағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің өкілі Азамат Серіктаев айтады.

– Азамат мырза, ауылдарды интернетпен қамту жобасы қашан басталады? Оған қанша қаражат бөлінбек?

"Ауылдардағы байланыстың инфрақұрылымына келетін болсақ, жуырда Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында 3 мыңнан астам ауылға сапалы байланыс жүйесін тарту үшін инвестициялық келісімге қол қойылды. Үш мыңнан астам ауылдың 88 пайыздан астамы талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы, қалған 12 пайызы спутниктік жүйелер арқылы интернет желісіне қосылады. Интернет әрбір адамның өмірін жеңілдететіні бәрімізге мәлім. Қашықтан сабақ оқу, мемлекеттік қызметке электрондық порталдар арқылысұраныс берере алады. 

Келісімнің аясында «Қазақтелеком» АҚ 239 млрд теңгеден астам жеке инвестициясын ауылдардағы байланыс жағдайын жақсартуға жұмсағалы отыр. Жоба 2027 жылдың соңына дейін көзделген, біз 2026 жылдың соңына дейін 2500 ден астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосатын болсақ 2027 жылы спутниктік байланыс желілері арқылы қалған ауылдарға интернет қолжетімді болады.

Бүгінде адам саны 250 және одан жоғары ауылдардың басым көпшілігінде интернет бар. Министрлікте «Қолжетімді интернет» атты үлкен жоба бар. Бұл жоба 2027 жылдың соңына қарай жүзеге асады. 2027 жылдың соңына қарай еліміздің 98 пайыздан астам ауылдық елдімекендер сапалы интернет жүйесімен қамтылады.

Ал қалған 2 пайызға келетін болсақ, Бұл – шалғайда орналасқан, адам саны 50 адамнан немесе одан да төмен шалғайдағы ауылдар. Өкінішке қарай, бұл ауылдар экономикалық тұрғыданқарағанда байланыс операторларына қолайсыз болып тұр.

Сондай-ақ байланыс туралы заңның нормаларына сәйкес, байланыс операторлары өзінің даму жоспарын дербес айқындайды. Кәсіпкерлік кодекстің  нормаларына сәйкес  мемлекет  кәсіпкерлік субъектлердің ісіне арласуға тыйым салынған. Сондықтан мемлекет тарапынан ұлттық жобаларды қабылдау арқылы, инвестициялық келісімге қол қою арқылы интернет инфрақұрылымын жақсарту үшін іс-шараларды қабылдап отырамыз".

Оқи отырыңыз: Алматыда 60 шақырым су және кәріз желілері жаңартылады

Новости партнеров