Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады
Аlmaty.tv
Жол учаскесі 28 сәуірден бастап ақылы болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай мен Денисовка арасындағы жол учаскесі ақылы болады. Құжатқа сәйкес, ақылы жолдың ұзындығы – 151 шақырым, ал ақылы режимнің қолданылу мерзімі – 20 жыл, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік министрлігі дерегінше, бұл жол учаскесі 28 сәуірден бастап ақылы болады. Бағасы көлік түрі мен төлем тәсіліне байланысты өзгереді.
- жеңіл автокөліктер үшін – 130 теңге (кейін төлеу) және 110 теңге (алдын ала төлеу);
- 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 1 040 теңге (кейін төлеу) және 880 теңге (алдын ала төлеу);
- 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2 100 теңге (кейін төлеу) және 1 780 теңге (алдын ала төлеу);
- 32 орыннан жоғары автобустар мен жүк көтергіштігі автопойызбен бірге 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 3 150 теңге (кейін төлеу) және 2 680 теңге (алдын ала төлеу);
- 10-15 тонна аралығындағы жүк көліктері үшін – 4 200 теңге (кейін төлеу) және 3 570 теңге (алдын ала төлеу);
- 15 тоннадан жоғары жүк көліктері, соның ішінде тіркемелі, жартылай тіркемелі көліктер үшін – 5 240 теңге (кейін төлеу) және 4 450 теңге (алдын ала төлеу).
Сондай-ақ айлық немесе жылдық абонементтерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында шегіртке шектен тыс көбейіп кетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33