Еліміздегі тозған автобустар жаңартылып жатыр

Республика бойынша 10 мың 500 қоғамдық көлік халыққа қызмет көрсетіп жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі автобустардың 25 пайызы әбден тозған. Көлік министрлігінің дерегінше, 4 жыл бұрын бұл көрсеткіші 45 процент болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республика бойынша 10 мың 500 қоғамдық көлік халыққа қызмет көрсетіп жүр. Автопарктерді жаңарту үшін Үкімет қаражат бөліп, жергілікті билік жеңілдетілген лизингпен автобустар сатып алып жатыр. Халықты тасымалдап тапқан қаражат та мәселені шешуге жұмсалатын көрінеді. Министрлік автобустарды жылда жаңартып отырмақ.

 «Оның сыртында жергілікті атқарушы органдар әрбір әлеуметтік маңызы бар автобус тасымалына жергілікті бюджеттен субсидия бөлінеді. Бұл жылдан жылға тағы да көбейіп келе жатыр. Соның негізінен автобустарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Селим Қуанышұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда ауыр жүк көліктеріне 51 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Новости партнеров