Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау қажет - қор өкілдері

Ондай аналардың 80 пайызы үнемі мазасыз күйде болатыны айтылды

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде шамамен 104 мың отбасында ерекше қажеттілігі бар балалар тәрбиеленеді. Ал олардың бар жағдайын жасап отырған аналарға да қолдау қажет. «Мама Про» әлеуметтік осал топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараға қатысушылар осылай деді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Басқосуда модераторлар мүгедектігі бар жандарды оңалту анадан басталатынын айтып, ерекше балаларға күтім жасау алгоритмі жайында сөз қозғалды. 

«Біз биыл ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Оның аясында ерекше балалары бар ата-аналардың психикалық денсаулығын қарастырдық. Нәтижесінде, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандардың 80 пайызы үнемі мазасыз күйде болатыны анықталды. Сондықтан оларға қолдау көрсетіп, қамқорлық таныту маңызды», - деді қоғамдық қор жетекшісі Айжан Әлжанова.

Оқи отырыңыз: Әскери дәрігерлерді даярлау: ҚР Қарулы күштері кадр тапшылығын қалай шешпек

 

Новости партнеров