Ескерту жарияланды: Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады
Аlmaty.tv
Қала қонақтары мен туристерге қауіпсіздік талаптарын сақтау ұсынылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласының ТЖД «Қазгидромет» қызметінің дауылды ескертуіне сәйкес 8 желтоқсанда таулы аймақтарда қалың қар жауып, көктайғақ болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматыда тұман түсіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Таулы өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Жолға шығарда бағытыңызды ауа райына қарай жоспарлаңыз.
Қала қонақтары мен туристерге тауға шығуды кейінге қалдыру ұсынылады.
Үйге қайтуды кешке қалдырмаңыз, ауа райының нашарлауына байланысты кері қайтар жолды табу қиынға соғуы мүмкін.
- көлікті ағаштардың астына қоймаңыз.
- әлі толық бітпеген құрылыстардың маңынан жүрмеңіз, құлап жарақат алуыңыз мүмкін.
Алдағы суық ауа райына байланысты:
- пештің түтін мұржасының тығыз жабық, ақаусыз болуын қадағалаңыз, бұл жану өнімдерінен бөлінетін газдың үйге таралуынан сақтайды;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы ірі жол жобаларының аяқталу мерзімі жарияланды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
13.09.2026 09:08
Ізденістен қорықпаңыз: 12 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
12.09.2026 10:37
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15
Алматыда 2-ЖЭО-ны газға көшіру жұмыстары 94%-ға орындалды
12.09.2026 19:06