Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева мәлімдеді
Алматы облысындағы Қарғалы ауылында 7 сынып оқушысына азғындық жасады деген 7 қатарласы анықталды. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір полицейлер қылмыстық іс қозғап, аталған жайттың мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері де жұмылдырылған.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде оқушылар 12 жастағы қызға зорлық көрсетті деген ақпарат тараған. Мектеп әкімшілігінің сөзінше, жеткіншектер сыныптасын жалаңаш күйде интимдік видеоға түсіріп, ақша табуды көздеген.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жасөспірім қызды зорлаған ер адам ұзақ жылға сотталды