Форумды ұйымдастыруда ҚР Цифрлық даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және басқа серіктестер қолдау көрсетеді
2024 жылғы 23 қарашада сағат 09:30-дан 15:00-ге дейін Қазақстанның цифрландыру күніне арналған іс-шара өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Шараға 300-ден астам IT саласының өкілдері, соның ішінде мемлекеттік органдар, инвесторлар, жекекәсіпкерлер және стартаптар қатысады.
«Инновациялар мен адами капитал – IT саласының драйверлері» форумы Activation Hub алаңында өтеді.
Бағдарламада:
Іс-шарада сөз сөйлейтіндер – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Мәжілістің өкілдері, сондай-ақ венчурлық инвесторлар мен IT компаниялардың мамандары.
Форумның негізгі тақырыптары:
- Қазақстан жастары үшін жасанды интеллект құралдары мен жобалары;
- Ақпараттық қауіпсіздік және жастар арасындағы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл;
- Технологиялық кәсіпкерліктің ерекшеліктері және басқа да маңызды мәселелер.
Форумды ұйымдастыруда ҚР Цифрлық даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және басқа серіктестер қолдау көрсетеді.
Qazaq IT Community – Қазақстандағы ең ірі IT мамандарының қауымдастығы, құрамында 4 300-ден астамIT саласының өкілдері бар. Қауымдастық қатысушылар үшін тегін іс-шаралар, соның ішінде техникалық және тақырыптық митаптар, тауға серуендер және басқа да шаралар ұйымдастырады.
Оқи отырыңыз:Бірыңғай QR код: Қазақстандағы банктер бірігетін төлем жүйесінің қандай пайдасы бар