Қайтарылған активтер: Павлодар әуежайын жаңғырту жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Жоба аяқталғаннан кейін әуежайдың жолаушы қабылдау мүмкіндігі 200-ден 300 адамға дейін артады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен жүргізіліп жатыр. Нысандағы құрылыс барысымен Бас прокурордың тапсырмасы бойынша Бас көлік прокуроры танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ұшу-қону жолағын жаңартуға мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жоба аяқталғаннан кейін әуежайдың жолаушы қабылдау мүмкіндігі 200-ден 300 адамға дейін артады. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасы жақсарып, жаңартылған инфрақұрылым Павлодар облысының көлік қатынасын одан әрі қолжетімді етеді.

Қадағалау органының мәліметінше, құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстарын биылғы қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

«Мердігер ұйымға, тапсырыс берушіге және техникалық қадағалау қызметіне жұмысты уақытында әрі сапалы аяқтау тапсырылды. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарын, экологиялық заңнаманы қатаң сақтау және бөлінген мемлекеттік қаржыны тиімді әрі заң аясында пайдалану міндеті жүктелді. Жоба прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін еске саламын», – деді Павлодар өңірлік көлік прокуроры Қасым Әбілқасымов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика алаңын жаңғырту жұмыстары аяқталды