Қала тұрғындарының жасы ұзақ бола ма

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Бір жылда қалаларда тұратын жүз жастан асқан адамдардың саны 32,2 пайызға өскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ұзақ өмір сүрген адамдардың басым бөлігі қалаларда тұрады. 2026 жылдың басындағы дерек бойынша, елімізде жасы 100-ден асқан 1 323 адам бар. Оның 953-і қала тұрғыны болса, 370-і ауылдық жерде тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір жылда қалаларда тұратын жүз жастан асқан адамдардың саны 32,2 пайызға өскен. Ал ауылдық жерлердегі ұзақ жасаған тұрғындардың саны 19,7 пайызға артқан. Осылайша, Қазақстандағы жасы 100-ден асқан тұрғындардың 72 пайызы қалада, ал 28 пайызы ауылда тұрады.

Жүз жастан асқан адамдардың үлесін қала және ауыл халқының жалпы санымен салыстырғанда да айырмашылық байқалады. Қала тұрғындарының арасында жүз жастан асқандардың үлесі 0,007 пайызды құраса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 0,005 пайыз болған. Яғни Қазақстанда жүз жастан асқан адамдардың саны ғана емес, олардың өздері тұратын елді мекендегі жалпы халық санына шаққандағы үлесі де қалаларда жоғары.

Дереккөз: Azattyq Rýhy.

Оқи отырыңыз: Өкпе обырын ерте анықтауға жаңа мүмкіндік: Қазақстанда жаңа скрининг басталды