«Қамқор» әлеуметтік үйінде Наурыз мерамын атап өтті
Орталықта 150-ге жуық қария тұрып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының «Қамқор» әлеуметтік үйінде «Наурыз – мейірім мен келісім мекені» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық нақышпен безендірілген алаңда мың бұралған бишілер көрерменнің көңіл-күйін сергітті. Сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрі де кеңінен дәріптелді.
Айта кетейік, бүгінде бұл әлеуметтік үйде 150-ге жуық қария тұрып жатыр.
«Бұл үй – ерекше. Біз мұнда тату-тәтті, бақытты өмір сүріп жатырмыз. 80 жастан асқан қарттар көп. Бәрі сергек, белсенді. Қамқорлық танытқан барша азаматтарға алғыс айтамыз. Наурыз мейрамы құтты болсын!», – деді «Қамқор» әлеуметтік үйінің тұрғыны Зульфира Тенчерова.
Оқи отырыңыз: Синоптиктер 16 өңірде дауылды ескерту жариялады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды
02.10.2026 10:30