Елдімекендер аумағынан қарды шығару және тазалау жүргізілуде
Қарағанды облысының Осакаров ауданында су тасқыны қаупінің алдын алуға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, дайындық жұмыстары аясында елдімекендер аумағынан қарды шығару және тазалау жүргізілуде, бұл еріген судың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
"Судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін каналдар мен арықтарды тазалауға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар қорғаныс дамбалары мен осал учаскелерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Елдімекендерді қосымша қорғау үшін инертті материалдар салынған қаптар төселуде.
Бүгінгі таңда осындай су тасқынына қарсы іс-шаралар Нұра және Қарқаралы аудандарында да жүргізіліп жатыр.
Аталған шаралар су басу қаупін азайтуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Оқи отырыңыз: Жүздеген құқықбұзушылық анықталды: Жетісу облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді