Қазақстан қалаларында косметолог қызметінің құны қанша

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Нарықтағы шынайы бағаны білу үшін салон мен жеке косметологиядағы ұсыныс сараланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Косметология қызметінің ішінде пилинг және бетті тазалауға сұраныс жоғары. Сұраныс біркелкі жоғары болғанымен қалаларда қызмет құны әртүрлі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Нарықтағы шынайы бағаны білу үшін салон мен жеке косметологиядағы ұсыныс сараланды.

Ең арзаны Орал қаласында болып шықты. Мұнда бет тазарту қызметінің орташа құны 5 000 теңгеден басталып, 10 000 теңгеге жетеді. Ал ультрадыбыстық және аппаратпен тазарту құны 10 000 — 15 000 теңге аралығында. Терең немесе аралас тазарту (ультрадыбыстық+механика+күтім) бағасы одан да қымбат болады. Пилинг те терең тазарту мен құрамына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Жеңіл түрі 5 000 — 10 000 теңге, орташасы 10 000 — 20 000 теңге, ал арнайы тазарту пилингінің бағасы 15 000 теңгеден басталып құны жоғарылай береді. Пилингті көбіне бетті тазартқан соң қолданады.

Павлодар қаласында косметология қызметі, оның ішінде пилинг түрі мен тереңдігіне қарай 10 000 — 25 000 теңге болып тұр. Бетті қарапайым әрі толық, аппаратпен тазарту бағасы — 5 000 — 15 000 теңге аралығында.

Қарағанды қаласындағы баға мынадай: химиялық орташа пилинг — 20 500 теңге және одан жоғары, механикалық пилинг — 27 000 теңге және одан жоғары. Бетті тазарту, маска жағып, пилинг жасау орта есеппен 12 000 — 20 000 теңге. Ультрадыбыстық тазарту және пилинг бағасы 5 000 — 12 000 теңге аралығында. Ал механикалық (қолмен) тазарту қызметі — 5 000 — 6 000 теңге болып тұр.

Жезқазғанда баға Қарағандыға қарағанда сәл жоғары. Мұнда ультрадыбыстық тазарту бағасы — 5 500 — 13 200 теңге. Ал механикалық тазарту бағасы — 5 500 — 6 600 теңге. Пилинг қызметінің құны — 22 500 — 30 000 теңге аралығында. Аралас қызмет (бетті тазартц, маска және пилинг) орта есеппен 13 200 — 22 000 теңгеге шығады.

Шымкенттегі косметологияда бетті механикалық және аралас тазарту құны 7 000 — 8 000 теңге. Кешенді қызмет құны кейде 20 000 теңгеге дейін жетеді. Ал пилинг қызметінің құны — 3 000 — 30 000 теңге және одан жоғары (механикалық, химиялық, лазерлі, аппаратпен). Мезотерапия қызметін де ұсынады. Фракциялық қызмет 5 000 теңгеден, емдік 7 500 теңгеден басталады. Денеге арналғаны — 40 000 теңге, плазмалық лифтинг — 30 000 теңге, ерінді үлкейту 35 000 теңге және одан жоғары.

Түркістанда пилингті адамның бет терісіне қарай жасап береді. Орташа пилинг қызметінің құны 6 000 теңгеден басталып, 15 000 теңгеге дейін жетеді. Бетті тазарту қызметінің құны классикалық үлгіден аралас әрі аппаратқа байланысты әртүрлі болып тұр. Бағасы 8 000 — 20 000 теңге аралығында.

Ақтөбе қаласында да баға қолжетімді. Кейбір салонда «бетті тазарту + пилинг» қызметінің құны орта есеппен 8 000 теңге, ал механикалық және ультрадыбыстық тазарту құны 14 000 теңге болса, энзимді тазарту қызметінің құны — 20 000 теңге, плазмалық лифтинг — 18 000 теңге. Пилинг және күтім түрі: жеңіл-желпі пилинг — 12 000 теңге, терең пилинг — 20 000 теңге және одан жоғары. Арнайы аппаратпен массаж жасау қызметі — 5 000 теңге. Бет пен шашқа арналған плазмалық лифтинг қызметінің құны — 10 000 теңге, биоревитализация және мезотерапия 13 000 теңге, ботокс — 15 000 теңге, ерінді үлкейту — 25 000 теңге.

Қонаев қаласында бадамды пилингтің бағасы 9 000 теңгеден басталады, қышқылды пилингтер — 10 000 теңгеден жоғары. Тері түріне байланысты бет тазалау 10 000 теңгеден басталады, ал аралас немесе ультрадыбыстық тазалау құны орта есеппен 12 000 теңге.

Қостанай қаласында да баға қолжетімді болып тұр. Механикалық бет тазалау қызметі 10 000 теңгеден басталса, ал кешенді тазалау шамамен 22 000 теңге. Пилингтер терінің қалпы мен әсер ету тереңдігіне қарай жеке таңдалады және орташа есеппен бағасы 10 000–17 000 теңге аралығында.

Тараз тұрғындары үшін бет терісіне күтім жасау қызметінің құны орташа. Бет тазалаудың түріне қарай (негізгі, аралас, аппараттық) бағасы 10 000–18 000 теңге аралығында. Пилингтер де жеке таңдалады: жеңіл қызмет 8 000 теңгеден басталса, терең әрі жан-жақты түрлері 15 000 теңгеге дейін жетеді.

Қызылорда тұрғындары үшін бет тазалау қызметінің бағасы 10 000 теңге, ал пилинг жасатса бөлек 5 000 теңге төлейді. Басқа қызметтер қатарында: гипергидрозды емдеу — 45 000 теңге, липолитиктер — 50 000 теңге, мұрын-ерінге арналғаны — 30 000 теңге, иек коррекциясы — 35 000 теңге, «Венера сақиналарын» түзету — 35 000 теңге, «Джоли профилі» процедурасы — 80 000 теңге (4 мл), ринопластика — 35 000 теңге.

Көкшетауда негізгі косметологиялық процедуралар классикалық та, премиум сегментте де ұсынылған. Испандық дерматокосметикамен жасалатын аралас бет тазалау 15 000 теңге, стандартты бет тазалау — 12 000 теңге. Пилингтер терінің жағдайына қарай жеке таңдалады: бағасы 5 000 теңгеден басталып, терең әсер ететіні 15 000 теңгежәне одан жоғары.

Алматыда бет тазалау (аралас, механикалық, ультрадыбыстық немесе гидра-тазалау) процедураның түрі мен тереңдігіне байланысты бағасы шамамен — 15 000–45 000 теңге (аппараттық гидра-тазалау, емдік тазалау және т. б.). Химиялық немесе жеңіл-желпі пилинг бағасы шамамен 9 000–15 000 теңгеден басталады, ал терең немесе қышқылды пилингтер құны әдетте 15 000–25 000–30 000 теңгеден жоғары.

Ақтауда жасартатын әсері бар супер-пилинг (тазалау және маскамен) бағасы шамамен 6 000–10 000 теңге, ал классикалық косметикалық бет тазалау қызметінің құны 15 000–20 000 теңге шамасында. Жеке кабинеттерде аралас бет тазалау бағасы орташа есеппен — 25 000 теңге.

Семейде бет терісіне күтім жасау құны 10 000 теңгеден басталады. Ультрадыбыстық, механикалық тазалау және жеңіл-желпі пилингті қамтитын аралас бет тазалау 25 000 теңге, күтімдік процедуралар — 15 000 теңге. Кеңес алған соң пилинг жеке таңдалады және бағасы орта есеппен 10 000–20 000 теңге аралығында. Жеңіл пилингтер — 10 000 теңге, барлық маусымға арналған пилингтер — 15 000–20 000 теңге.

Астанада бет тазалау (ультрадыбыстық, механикалық, аралас немесе гидра-тазалау) әдетте салон деңгейі мен әдісіне қарай 15 000–50 000 теңге аралығында. Жеңіл пилинг (жеңіл, косметикалық) — шамамен 8 000–15 000 теңге, орташа деңгейдегілері (гликольді, Джесснер, ретиноидты) — 15 000–25 000 теңге, ал терең қышқылды пилингтер — 20 000–35 000–40 000 теңгеден басталады. Премиум клиникаларда баға 100 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Петропавлда механикалық, ультрадыбыстық және израильдік бет тазалау және пилинг 16 000 теңге тұрады. Безеуді емдеуге және теріні жасартуға арналған химиялық пилингтер — 15 000 теңге, ағартуға арналған ретинолды пилинг — 25 000 теңге. Қосымша қызметтер: гигиеналық бет массажы — 7 000 теңге, лифтинг-массаж — 15 000 теңге, безеуді лазермен емдеу — 10 000 теңге, GUINOT (Франция) гидродермиясы — 25 000 теңге ұсынылады.

Атырауда бет терісіне күтім жасау бағалары ел бойынша орташа деңгейден жоғары. Бет тазалау 17 000–25 000 теңге, оттекті пилинг — 20 000 теңге, өсімдік негізіндегі пилинг бағасы — 23 000 теңге. Маржан (коралл) пилингі сияқты процедуралар құны 30 000–40 000 теңге аралығында.

Өскеменде де баға жоғары. Аралас бет тазалау — 17 000 теңге, ал барлық маусымға арналған пилинг қосылған аралас тазалау — 25 000 теңге. Барлық маусымдық пилинг — 17 000 теңге, ретинол негізіндегі маусымдық пилинг бағасы — 18 000 теңге.

Талдықорғанда бет тазалау қызметі — 20 000 теңге. Пилингтің бірнеше түрі бар: Джесснер пилингі — 15 000 теңге, ретинолды пилинг — 25 000 теңге, сондай-ақ Lanez Skin, BioRePeel және PRX-T33 секілді танымал әдістер бағасы орта есеппен 20 000 теңге. (таңдалған препарат пен тері жағдайына байланысты).

Оқи отырыңыз: Көктайғақ кезінде сақ болыңыз: тұрғындар мен жүргізушілерге ескерту жасалды

Новости партнеров