Самарқандта қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумы өтті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Самарқандта өткен қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумында сөз сөйлеп, екі елдің қарым-қатынасы жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Форумға Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстан тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында даму кезеңін аяқтап, енді стратегиялық мақсаттарды бірлесе айқындау маңызды екенін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік тұрақтылықты нығайтып отырғанын айтты.
Форумда ғылым, цифрландыру, білім және жасанды интеллект салаларындағы әріптестікті күшейту, сондай-ақ бірлескен білім беру кеңістігін қалыптастыру мәселелері көтерілді.
Сапар аясында Сенат Төрағасы ғылыми және шығармашылық жұмыстар көрмесімен де танысты.
Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді — Президент