Министрлік бұл әрекеттерді «халықаралық көлік-логистикалық бағыттардың қауіпсіздігін бұзу» деп бағалады
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды қатаң айыптады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Каспий құбыры консорциумы арқылы мұнай тасымалдаған азаматтық кемелерге дрондармен жасалған шабуылдарға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Министрлік бұл әрекеттерді «халықаралық көлік-логистикалық бағыттардың қауіпсіздігін бұзу» деп бағалады. Ведомство мұндай шабуылдарды дереу тоқтатуды және қазақстандық мұнай экспортына қызмет көрсететін инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылдауды талап етті. Сондай-ақ келтірілген залалға жан-жақты бағалау жүргізіп жатыр.
«Серіктес мемлекеттерді аталған шабуылдарды батыл айыптауға шақырамыз және барлық мүдделі тараптарды нақты шараларды бірлесіп әзірлеуге үндейміз. Халықаралық құқық нормаларды мүлтіксіз сақтау ғана осындай оқиғалардың қайталануына жол бермейді деп есептейміз», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алтынды заңсыз өңдеген жасырын цех анықталды