Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық WorldSkills турнирінде топ жарды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Дарья Мельник І орынды иеленіп, халықаралық турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында өнеркәсіптік дизайн технологиялары бойынша WorldSkills Industrial Design Technology International (Shenzhen) Invitational Tournament халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Халықаралық деңгейдегі беделді додаға Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Сауд Арабиясы және Қытай елдерінің жас мамандары қатысты. Қазақстан намысын Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің үшінші курс студенті, «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan–2025 ұлттық чемпионатының жеңімпазы Дарья Мельник қорғады.

Байқау барысында қатысушылар өнеркәсіптік дизайн саласындағы кәсіби құзыреттерін, инновациялық ойлау қабілетін және практикалық дағдыларын сынады. Нәтижесінде Дарья Мельник І орынды иеленіп, халықаралық турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды. Студентті жарысқа Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Борис Григорьев дайындады.

Қазақстандық студенттің бұл жетістігі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен отандық жастардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. Сонымен қатар еліміздің WorldSkills қозғалысындағы әлеуетін айқындап, қазақстандық мамандардың кәсіби шеберлігі әлемдік деңгейде жоғары бағаланатынын дәлелдеді.

Оқи отырыңыз: Алматы жастары: екі күнде 3 мыңға жуық өтініш түсті

Новости партнеров