Қазақстандық жас физиктер Кореяда өтетін беделді APhO 2026 олимпиадасында ел намысын қорғайды

Almaty.tv
Almaty.tv

Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

17-25 мамыр аралығында Кореяның Пусан қаласында физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтіп жатыр. Білім сайысына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан аса елден шамамен 240 оқушы қатысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынап, сондай-ақ өңірдің үздік жас физиктерімен ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан командасының құрамасы:

Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы NIS «Астана-Нұра» мектебінің 12-сынып оқушысы;
Роман Черемнов — Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадір — Қостанай облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман — Астана қаласындағы NIS «Астана-Нұра» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Мерген Сабыров — Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Арғын Сейткамит — Астана қаласындағы NIS «Астана-Нұра» мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

Қасымхан Байсейітов — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Дәулет Құрмантаев — физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді. Сонымен қатар Нұргүл Егенбергенова қыздар арасындағы үздік қатысушы ретінде «Best Female» арнайы сыйлығымен марапатталған.

Оқи отырыңыз: Балалар және қауіпсіздік аймағы: алматылық оқушылар оқу-жаттығу іс-шараларына қатысты



 

Новости партнеров