Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сыртқа шығаруға болатын ірі қара еті 13 мың тоннадан аспауы тиіс
Жыл соңына дейін Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, сыртқа шығаруға болатын ірі қара еті 13 мың тоннадан аспауы тиіс. Квота үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ қолданылады. Ол кез келген компанияға берілмейді. Өзінің жеке бордақылау алаңы бар, кемі 5000 бас ірі қара ұстайтын, ет өңдейтін кәсіпорындарға ғана беріледі. Ал қатысушыларға рұқсат етілетін экспорт көлемі де әртүрлі болмақ. Ол компанияның өндірістік қуатына қарай мың тоннадан бастап 4 000 тоннаға дейін белгіленеді.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған