Қостанай мектептерінде қашықтан оқу мерзімі ұзартылды

Аймақ 26 қарашадан бастап қашықтан оқыту форматына көшкен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай мектептерінде қашықтан оқу мерзімі ұзартылды. Қаладағы 37 оқу ошағының оқушылары 3 желтоқсанға дейін онлайн оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, шешім балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданған. Өңірде ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр. Мәселен, соңғы бір аптаның 17 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырып, 30-ға жуығы «гонконг» тұмауымен ауырған. Оның жартысы 14 жасқа дейінгі балалар екен.

Айта кетейік, аймақ 26 қарашадан бастап қашықтан оқыту форматына көшкен.

«Өткен аптамен салыстырғанда оқушылар мен мұғалімдер арасындағы сырқаттану деңгейі сәл төмендеген. Қазір – 30 пайыз. Дегенмен қала мектептерінің қамқоршылық кеңестерімен бірлесіп, онлайн оқытуды ұзарту шешімі қабылданды. Мақсат – балалар мен ұстаздардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау», – деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Айым Жандарбекова.

Оқи отырыңыз: Оқушы ауыр жарақат алған: Атыраудағы жекеменшік мектептердің біріндегі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Новости партнеров