Қостанай облдысында жолда қалған автобустың 16 жолаушысы эвакуацияланды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Құтқарушылар ауа райы нашарлаған кезде ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облдысында жолда қалған автобустың 16 жолаушысы эвакуацияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ басрпасөз қызметінің хабарлауынша, өткен түнде Қостанай облысы Федоров ауданы аумағындағы республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолында тоқтап қалған автобустың жолаушыларына көмек көрсетілді.  

"Федоровка ауылынан 4 км қашықтықта Тәжікстан – РФ маршрутымен келе жатқан автобус техникалық ақау салдарынан тоқтап қалған. Температураның төмендеуіне байланысты жолаушыларға қауіп туындаған.  ТЖМ, ЖАО және ПД күшімен 16 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Жолаушылар Жарқөл ауылындағы жылыту пунктінде орналастырылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар ауа райы нашарлаған кезеңдерде ұзақ сапарға шықпауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен малшы құтқарылды

Новости партнеров