Құрылтай сайлауы ашық, әрі әділ өтті - тәуелсіз бақылаушы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құрылтай сайлауы ашық, әрі әділ өтті». Бұл туралы Тәуелсіз байқаушылар ақпараттық штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, саяси науқан кезінде еліміздің 20 өңірін қамтыған бірыңғай ақпараттық желі жұмыс істеп, оған 100 маман жұмылдырылған. Олар аймақтардағы дауыс беру барысын бақылап, өңірлерден түскен мәліметтерді жедел жинақтап отырыпты. Соның нәтижесінде сайлау үдерісі туралы ақпарат қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына дер кезінде жеткізілген көрінеді. Штаб өкілдерінің мәліметінше, дауыс беру күні елеулі заңбұзушылық тіркелмей, байқау жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізілген.

«Бұл сайлаудың нәтижесі нені көрсетеді? Құрылтай сайлауы – еліміздегі тарихи кезеңнің маңыздылығын ең алдымен азаматтардың дұрыс түсініп, дұрыс қабылдағанының нәтижесі деп ойлаймын, біріншіден. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстардың кәсіби деңгейде жүргізілгенін де  жақсы нәтиже деп білеміз», – деді медиа-менеджер Нұржан Мұхамеджанова. 

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы: «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы қортынды жасады