Қызылорда облысында Сарбұлақ ауылына ауыз су берілді

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елдімекендерін ауыз су желісіне қосуға  1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазалы ауданындағы Сарбұлақ ауылына ауыз су берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен аймақта денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында әлеуметтік жобалар жүзеге асуда.

Аталған жоба аясында Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елдімекендерін ауыз су желісіне қосуға республикалық, облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер есебінен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Енді Сарбұлақ ауылына таза ауыз су келіп, шалғай елдімекеннің тұрғындары көптен күткен игілікке қол жеткізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 27 млрд теңгеге жетті. Ал соңғы үш жыл ішінде аудан экономикасына шамамен 80 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
2022-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31 млрд. 600 млн. теңгеге өңірдегі 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты.

Өткен жылы 41 елдімекендегі 66 жобаға 15 млрд. 155 млн. теңге қаралды. Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында 40 мыңнан аса тұрғын қант диабетіне шалдыққан

Новости партнеров