Қызылордалық студент мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы қосымша әзірледі

Digital Nauryz – жас буынның жаңа бағытын айқындайтын алаң

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасанды интеллект игілігі. Аралдық жас ұстаз ақын, жазушылардың шығармашылығына арналған мультимедиялық платформа жасап шығарса, қызылордалық студент мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы қосымша әзірледі. Заманауи технологияларды игерген жастар қоғамға пайдалы қосымшалар ұсынып қана қоймай, идея арқылы кез келген дүниенің кілтін табуға болатынын ұғындырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аралдық Атабай Қуаны «Платформада Қызылорданың картасы жасалған. Сары белгілер әдебиетшілер туралы ақпарат берсе, қызыл белгілер сол ауыл туралы ақпарат береді. Сол кісінің есімі жазылған сары белгілі басқан кезде комикстері, өмірбаяны,

«Қан мен тер» фильмі шығады. Электронды кітаптары шығады. Бұл архив есебінде екінші жағынан оқу бағдарламасына авторлар енгізілмесе де қазір факультативті курстар бар ғой соған қосып, балаларға таныстыруымызға болады», – деді Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атабай Қуанышов.

Digital Nauryz – жас буынның жаңа бағытын айқындайтын алаң. Білімнің бәйгесінде өз жобасымен ерекшеленгендердің бірі – Мұхтар Тұрсынбай. Ол мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы платформа әзірлеген. Бұл – технологияның адамға қызмет етуінің нақты көрінісін аңғартса керек.

«Әлеуметтік көмек, мемлекеттік бағдарламалар, түрлі құжат жасауға көмек көрсету – бәрі әр жерде орналасқан. Ал инворк платформасы – бәрін бір ортаға жинайтын жүйе. Бұл жерде тағыда эйа асиссент, баптаулар, қолжетімді баптаулар, яғни протонэпия, тританапэия деген сияқты көзі нашар көретін адамдарға қолайлы баптаулар, дауыстап және жестпен оқыту секілді функциялар қарастырылған», – деді студент Мұхтар Тұрсынбай

Стартаптар сайысындағы әр жоба – бір үміт. Сарапшылар алдында қорғалған идеялар еңбек нарығын жеңілдетуден бастап, бизнес үдерістерді автоматтандыруға дейінгі кең ауқымды қамтып отыр.

Асқар Сәрсенұлы, Төрехан Әділбекұлы,

 

Новости партнеров