Статистикаға сай жүргізушілердің 94 пайыздан астамы жол ережесін сақтаса, қалған 6 пайызы оны жүйелі түрде бұзады
«Жол ережесін елемейтін жүргізушілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату керек». Алматыда 3 адамның өмірін қиған апат туралы пікір білдірген сенатор Марат Қожаев осылай деді. Сөзінше, статистикаға сай жүргізушілердің 94 пайыздан астамы жол ережесін сақтаса, қалған 6 пайызы оны жүйелі түрде бұзады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондықтан, ол тәртіпке бағынбайтындардың жазасы да қатаң болуы керек деп санайды. Тіпті мұндай адамдарға ешқандай рақымшылық жасалмауы тиіс.
Айта кетейін, 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік апат болды. Полицияның мәліметінше, ZEEKR көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан. Салдарынан онда отырған 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Күдікті түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Жағдайы тұрақталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жол ережесін бұзатындарды қатаң жауапқа тарту керек. Айыппұл төлегенде 50 пайыздық жеңілдіктен бостатып, жүргізуші куілігін алу, қайта экзамен тапсырту керек дегендей ұсыныс жасадым. Ол Үкімет қолдап, келесі заң жобаларына енгіземіз деп ойлап жатырмыз», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Марат Қожаев.
Оқи отырыңыз: Қызылордалық студент мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы қосымша әзірледі