Қызылорда облысында дауыс берушілердің 82,48 пайызы таңдауын жасаған

Бұл – еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында алдын ала дерек бойынша дауыс берушілердің 82,48 пайызы референдумға қатысып, таңдауын жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.  Бүгін Сыр өңіріндегі Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті. «Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбын арқау еткен ғалымдар АЭС-ті салуда кездесетін өзекті мәселелерді ашық талқылады.

"Қазіргі құрылатын 3+, 4 буынды ректорлар өте жетілген. Оны игеру үшін жақсы курстан өту керек. Шетелден оқып келуі керек. Маман даярлау қажеттілігі туындап отыр, бірақ 15 жылда үлгереміз деп ойлаймын. Қаржы мәселесі 50 жыл қызмет етсе, қайтарымы болады. Қауіпсіздігі 9 балдық жер сілкінісіне жауап бере алады. Барлығы автоматтандырылған", – деді физика ғылымдарының докторы Ақытхан Әбдікәрімов.

Ғылыми-сарапшылық топ құрамында зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестік мүшелері бар. Жиында атом электр станциясының ел дамуына әсері мен қауіпсіздік жайы да қамтылып, тұрақты энергия көзін тұтынуға мүмкіндік беретіні сөз болды.

"Қазақстан территориясы өте үлкен. Бізде су мәселесі бірінші орында тұр. Өзендер бастауын Тянь-Шаньнан алады. Егін шаруашылығы кезінде су тапшылығын байқаймыз. Енді суды жер астынан алуымыз керек. Оған энергия көзі керек, тұрақты энергия көзі", –  деді техника ғылымдарының кандидаты Әнипа Тапалова

Оқи отырыңыз: Қазақстанда референдум ашық, еркін өтті - шетелдік бақылаушылар

Новости партнеров