Қауіпті өндірістік нысандарды тексеруге қойылған шектеулер алынып тасталады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұдан былай субъектіге 30 күн бұрын емес, тексеру басталардан бір жұмыс күні бұрын хабарланады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңдағы өзгертулердің бір блогы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу аясынан шығару және қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың ерекше тәртібін қалыптастыру жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді қауіпті өндірістік объектілерді, оның ішінде шахталарды, карьерлерді, қатты пайдалы қазбаларды өңдеу зауыттарын және басқаларды тексеру бұрын қолданыста болған шектеулерсіз жүргізілетін болады.

"Мәселен, жаңа заңмен жоғары тәуекел санатына жататын барлық кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жылына бір рет, ал тәуекел дәрежесі жоғары санатқа жатпайтындарға үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Бұл ретте тексеру парақтары жойылды. Тексерулер бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері негізінде жүзеге асырылады. Бұдан былай субъектіге бұрынғыдай 30 күн емес, тексеру басталардан бір жұмыс күні бұрын хабарланады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ түзетулер аясында кәсіпорындардан Техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын жедел орындау міндеттеледі. Кәсіпорындарға өндірістік бақылау қызметтерінің саны бойынша стандарттарды сақтау талаптары, авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар күшейтілді.

Ал шахталар мен жерасты құрылыстарында желдету, авариялық хабарлау, персоналды оқыту талаптарын күшейту өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңға қарасты актілермен жүзеге асырылатын болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Новости партнеров