Қазақстанда құрылысшылардың жалақысын көтеру ұсынылды

Президент келесі «2025 - жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда құрылысшылар азайып барады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саладағы мәселені мәлім еткен одақ төрағасы "Нарықта жұмысшы мамандардың тапшылығы қатты байқалады" дейді. Ол сондай-ақ жастарды құрылыс саласына тарту үшін жалақыны 700 мың мен 1 миллион теңгеге дейін өсіру керек деп ұсыныс білдірді.

Айта кетейік, Президент келесі «2025 - жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған.

"Қазір жастар бар жағдайы жасалған, жылы ғимараттарда жұмыс істегенді құп көреді. Ешкім өндіріске келгісі келмейді. Сондықтан нарықта кімдердің жұмыс істеп жатқанын қайта қарау керек. Өйткені жыл өткен сайын мамандар саны азайып барады. Біз бұл мәселені 10 жылдан бері айтып келеміз", – деді ҚР Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Оқи отырыңыз: Қостанайда науқастың туыстары ұрған фельдшер ауруханаға түсті

Новости партнеров