Қазақстандық мұғалім әнші Ники Минаждың саунд-продюсері болды

Фото: instagram/eraholic
Фото: instagram/eraholic

Жас мұғалім Ерқанат Садуханов халықаралық жобаларда шығармашылық қабілетімен танылып жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысының биология пәні мұғалімі шетелдік танымал әнші Ники Минаждың альбомына саунд-продюсер болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, Ерқанат Садуханов – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ беретін мұғалім. Жас мұғалім өз парақшасында Ники Минаждың "Pink Friday 2" делюкс-альбомына саунд-продюсер болатынын ресми түрде жариялады.

Ерқанат Садуханов Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. Енді ол Ники Минаждың тыңдармандарына ерекше жаңалық дайындағанын жеткізді.бТуынды 2024 жылғы 13 желтоқсан шығады деп жоспарланған. Альбомның кеңейтілген нұсқасы 2023 жылғы түпнұсқаның бір жылдық мерейтойына арналып отыр және тыңдармандарға жаңа әндер ұсынылған", - делінген хабарламада.

Жас мұғалім Ерқанат Садуханов ұстаздық қызметімен қатар сүйікті ісін бірге алып жүріп, халықаралық жобаларда шығармашылық қабілетімен танылып жүр.

Ники Минаж — әлемдегі ең табысты рэп-орындаушылардың бірі. Ол көптеген марапат иегері, оның ішінде ASCAP сыйлығын «ең үздік хип-хоп орындаушысы» ретінде алған, сондай-ақ жақында Эминемді басып, әлемдегі ең көп қаралымы бар рэп-орындаушы атанды.

Оқи отырыңыз: Түркиялық жетпіс жастағы студент Түркістанға тіл үйренуге келді

Новости партнеров