Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
«Халық қалаулылары қоғамдық кеңес мүшелерімен тығыз байланыста болуы керек. Сонда өңірдегі көп мәселе шешіліп, түйткілдің түйіні тарқайды». Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздескен мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңызды басқосуда белсенділер экология, тіл, әлеуметтік мәселелер мен алаяқтық тақырыбында сөз қозғады. Мәжілісмен сұрақтарға жауап беріп, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
«Мәжілістегі жұмыс нәтижесін көрсету, жеткізу. Екіншіден, айтылған мәселелер, қойылған сұрақтар, ұсыныстар тыңдау. Өте жақсы талқыладық, керемет кездесу болды деп ойлаймын», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков.
«Жас балалар, студенттер көп қаржылық алаяқтықтың құрбанына айналатыны көтерілді. Депутат нақты ақпарат берді. Күзде Қазақстанның банктері туралы заңға өзгерістер енгізілетінін айтты», – деді қоғамдық кеңестің төрағасы Махамбет Қасенов.
Оқи отырыңыз: Медеу ауданындағы мектептерде 4 мыңнан астам орын ашылады