Халық табысын арттыру: Үкімет арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр

Салық реформасы арқылы түсетін қаржының 2 трлн теңгесі өндірісті дамытуға бөлінбек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет халықтың табысын арттыруды қолға алмақ. Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Оның айтуынша, халықтың әл-ауқатын көтерудің ең тиімді жолы – тұрақты әрі жақсы жалақы төленетін жұмыс орындарын көбейту.

Серік Жұманғарин салық реформасы арқылы түсетін қаржының 2 триллион теңгесі өндірісті дамытуға бөлінетінін жеткізді. Оның 1 триллионы ірі және орта кәсіпорындар ашуға жұмсалса, қалғаны ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады.  

«Бағдарламаны біздер қазіргі уақытта дайындап жатырмыз. Соңғы қадамдар қалды. Жақында осы мамыр айында Үкіметтің отырысына шығару мақсатымыз бар», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Оқи отырыңыз: Блогерлерге жаңа талап: жасырын саяси жарнама үшін жаза қарастырылмақ

Новости партнеров