Халықаралық бақылаушылар Алматыдағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары баға берді

06.10.2024 18:07

Almaty.tv

ТМД елдерінен келген халықаралық бақылаушылар делегациясы Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясында орналасқан №383 сайлау учаскесіне барды. Байқаушылар АЭС-ті салу мәселесі бойынша дауыс беру процесі Қазақстан заңнамасына толық сәйкес жүріп жатқанын атап өтіп, оның ұйымдастырылуына жоғары баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бақылаушылар арасында Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен аккредиттелген тұлғалар, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері бар.

"Бақылаушылар дауыс беруге келушілердің өте белсенді әрі көңіл-күйлері де көтеріңкі екенін байқады", - деп атап өтті Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасанов.  

ТМД-дан барлығы 74 бақылаушы Қазақстанның тоғыз өңірінде жүр. Соның ішінде Алматы да бар. Сондай-ақ ШЫҰ, түркі мемлекеттері ұйымдарының және АӨСШК өкілдерімен ынтымақтасады.

Оқи отырыңыз: Дауыс беру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелген жоқ – ІІМ