Кітап - білім кілті: алматылық оқушылар челлендж бастады

Президенттің бастамасымен 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ұлттық кітап күнін тойлау басталып кетті. Маңызды мәдени мереке биыл екінші рет атап өтіліп жатыр. Қалалық Білім басқармасына қарасты № 6 Оқушылар үйінде «Кітап - білім кілті» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv 

Челлендж барысында оқулық ұстаған оқушылар би билеп, қатарластарын осы бір бастаманы қайталауға шақырды. Сондай-ақ балалар ұстаздарымен бірге далада отырып кітап оқыды. Іс-шараға 250-ге жуық оқушы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің бастамасымен 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленген.

«Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Атап өтетін болсақ, челендждер әртүрлі әдеби кештер, оқу сағаттары мен байқаулар өтіп жатыр. Әр баланың бойына кітап оқуға ынтасын ашып, оны тұрақты дағдыға айналдыруға барлық жағдай жасап келме із», -  деді № 6 оқушылар үйінің директоры Мақсат Джабулаев.

Оқи отырыңыз: Жетісу ауданындағы білім ордаларында Наурыз мейрамын атап өтті

 

Новости партнеров