Көкшетауда әйел адамды көлік қағып мерт қылды
Аlmaty.tv
Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетауда әйел адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі тұрғын үй ауласына кіріп келе жатып, әйел адамды қағып кеткен.
Қайғылы сәт бейнекамераға түсіп қалған. Кадрлардан көліктің автотұраққа бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткені анық көрінеді.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында өрт шыққан үйден ер адам құтқарылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10