Қостанай облысындағы балаларды соққыға жығу дерегі: қылмыстық іс қозғалды

Түзету орталығында тәрбиешілердің балаларға жәбір көрсеткені туралы виде тарады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысындағы балаларды түзету орталығында «соққыға жығу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде аталмыш мекеме тәрбиешілерінің балаларға жәбір көрсеткені таспаланған видеосы тараған еді.

Сонымен қатар шағымданушылар қызметкерлердің ондағы тәрбиеленушілерді тамақтандырмағанын да алға тартты.

Полиция бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау бабы бойынша тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.  

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Білім басқармасына, құзыретті шегінде шаралар қабылдау үшін тиісті хабарлама жолданды», - деді Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілі Әлішер Көшекбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік полицей әріптесін зорлады деген күдікке ілінді

Новости партнеров