Қостанайда Тобыл өзеніне батып кете жаздаған мас адам құтқарылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда құтқарушылар Тобыл өзеніне батып бара жатқан мас ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған.

«Тобыл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар суда мас күйінде болған екі ер адамды байқап қалған. Олардың біреуі досын өз бетінше жағаға шығаруға тырысып жатқан», - делінген хабарламада.

Қауіпті жағдайды көрген құтқарушылар жедел әрекет етіп, бір адам судан жағалауға шығарып үлгерген. Ал екіншісі өзі шыққан.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ведомство өкілдері тәртіп бұзушылар жауапқа тартылатынын ескертті.

ТЖМ тағы да еске салады:

  • мас күйінде шомылмаңыз;
  • өз күшіңізді асыра бағаламаңыз;
  • әрқашан құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз;
  • балаларды судың қасында қараусыз қалдырмаңыз;
  • тек жабдықталған және тексерілген орындарда ғана шомылыңыз.

Оқи отырыңыз: Петропавлда жолаушы такси жүргізушісін айуандықпен өлтірген

Новости партнеров