Жалған сезім, шынайы шығын: интернет-алаяқтардан қалай сақтану керек

Depositphotos
Depositphotos

Бұл — назар аударуға тұрарлық белгілердің тек бірі ғана, деп атап өтті құқық қорғау органдары

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Егер интернетте танысқан досыңыз сізге тым жылдам сезімін білдірсе, бұл үшін ерте қуанбаған жөн, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құқық қорғау органдары ескертеді: бұл – алаяқ болуы мүмкін. Көп жағдайда қаскөйлер жалғыз адамдарды ғаламторда тауып, өзін шетелдік, махаббат іздеуші ретінде таныстырып, ақша алдап алуға тырысады. Мысалы, жақында Астана тұрғыны осындай интернеттегі танысына 9 миллион теңге аударып жіберген.

«Назар аударуға тұрарлық белгілер: тым тез махаббат жариялау, бейнеқоңыраудан және жеке кездесуден бас тарту, аяушылық тудыруға тырысу, өміріндегі қиын жағдайлар туралы әңгімелер, соңында ақша, құжат немесе бағалы зат жіберуді сұрау», – дейді полицейлер.

Олар бейтаныс адамдардан келетін ақпаратты сыни тұрғыда бағалауға және күмәнді шоттарға ақша аудармауға кеңес береді. Егер алаяқтық әрекеттерге күмән туса, дереу «102» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Оқи отырыңыз: Су қателікті кешірмейді: бассейнде инфекция жұқтырып алмау үшін не істеу керек

Новости партнеров